02.11.2016
Шараға машина жасау, құрылыс, фармацевтика, астық, қызмет көрсету, саласындағы 19 өндіруші қатысты, деп хабарлады Ұлттық агенттіктің баспасөз қызметі.
Қазақстандық компаниялар үздік көтерме – сатып алушылар мен БАӘ дистрибьютер компанияларымен отандық өнімді БАӘ нарығына жеткізу бойынша келісім орнатты. Сондай-ақ, өнімді тіркеу мен сертификациялау мәселесі қаралды.
Қазақстан мен БАӘ арасындағы сыртқы сауда айналымы 2015 жылы 109,5 млн АҚШ долларын құрады. Өткен жылы БАӘ нарығына жұмыртқа мен ет өнімі экспортталды.
Жыл соңына дейін «KAZNEX INVEST» сауда миссияларын өткізіп, отандық өндірушілердің өнімін Ресейде таныстыруды жоспарлап отыр.