• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қытайда этникалық қазақтарға 68% виза берілген – Нұрышев 01.11.2016

«ҚХР аумағында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі, Шанхай мен Гонконгтағы бас консулдығы, сондай-ақ Үрімші қаласында паспорт-виза қызметі жұмыс істейді. ҚХР азаматтары үшін виза беру олардың қызметінің маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. ҚХР көптеген азаматтары ҚР аумағында қалып жатыр деген көптеген болжамдар бар. Сондықтан, жалпы Пекинде, Шанхайда, Гонконгта және Үрімшіде берілген визалардың саны бойынша статистика келтіруге рұқсат етіңіздер», - деп хабарлады ол.

Елшінің айтуы бойынша, 2015 жылы жалпы ҚХР азаматтарына 118 мың 321 виза берілген. Соның ішінде 83 мың 358 виза, яғни 70%-дан астамы Қытайда тұратын этникалық қазақтарға берілген.  Сондай-ақ, 19 мың іскерлік, 10 мың жұмыс, 4600 туристік және 173 оқу визасы.

«2016 жылғы 9 ай ішінде 86 мың 203 виза, соның ішінде 58 мың 474 виза, яғни 68%-ға жуығы ҚХР-да тұратын этникалық қазақтарға берілген. 15 мыңнан астам іскерлік виза, 6 мыңнан астам жұмыс визасы, 5 мың туристік және 299 оқу визасы, 322 қызметтік, 23 инвесторлық және 56 транзиттік виза берілген», - деп хабарлады Ш. Нұрышев. 


Back to the list