01.11.2016
«2017 жылдың маусым айында Қытай Халық Республикасының төрағасы Қазақстанға келеді, сондай-ақ, ол Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті мен ЭКСПО көрмесінің ашылу салтанатына қатыспақ», - деді Ш.Нұрышев.
Елші Қытай өзінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын растағанын айтты. Қытай павильонының ұлттық комиссары тағайындалды, павильон көлемі 1000 шаршы метрді құрайды. Оның тақырыбы «Болашақ энергиясы. Жасыл Жібек Жолы».
«Қытай көрме барысында өз павильонында 100 шара мен таныстырылым өткізуді жоспарлап отыр. ЭКСПО-ға аса үлкен қызығушылықты Қытайдың туристік компаниялары танытып отыр. Астанадағы көрмені 200 адам тамашалай алады», - деді Ш.Нұрышев.