01.11.2016
Алматы қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша, әлемнің 31 елінен келген мамандар бір алаңда жиналады. Көрмеге қатысушылар Австрия, Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Мажарстан, Германия, Үндістан, Индонезия, Иран, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Монғолия сияқты елдерден келеді. Ұлттық топтар Мажарстан, Германия, Үндістан, Иран, Италия, Пәкістан, Польша, Ресей, Өзбекстан және Шри-Ланка сияқты елдерді танытады. Ресми ашылу рәсімі 2 қарашада өтеді.
Көрмеге 400-ге жуық халықаралық және жергілікті компаниялар қатысады. WorldFood Kazakhstan 2016 дәстүрлі кәсіптік дегустация байқауын қамтиды, ол тамақ индустриясы көшбасшыларын осымен 18-ші рет анықтайды.
AgroWorld Kazakhstan көрмесі аясында «Қазақстандағы құс өсіру шаруашылығы. Саланың міндеттері мен проблемалары» тақырыбына конференция өтеді. Бейінді мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, құс фабрикаларының басшылары мен қызметкерлері, сала сарапшылары, БАҚ және басқалары Қазақстандағы құс өсіру шаруашылығының қазіргі жағдайын, проблемалары мен даму болашағын талқылайды.
Биылғы жылы HOREX Kazakhstan 2016 және CleanExpo Kazakhstan 2016 көрмелері қазақстандық және халықаралық компаниялардың өнімдерінің, көрсетілетін қызметтері мен ұсыныстарының толық циклын көрсетеді.
Бұдан бөлек, әкімдікте атап өткендей, Қазақстанда алғаш рет ColdChain Kazakhstan 2016 – «Суық қойма, тасымалдау және суық логистикаға арналған сервис» Орталық-Азиялық көрмесі өтеді. Оқиғаларды ұйымдастырушылар Iteca қазақстандық көрме компаниясы және оның әріптесі ITE Group Plc (Ұлыбритания).