• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанның дипломаттары Нидерландыда оқудан өтеді 31.10.2016

Әңгіме барысында олар Қазақстанның Нидерланд халықаралық қатынастар институтымен ынтымақтастығының көп жылғы дәстүрлерін атап өтті. Атап айтқанда, голланд тарабы 1993 жылдан бастап Қазақстанның және Орталық Азияның басқа елдерінің жас дипломаттарының біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаны іске асырып келеді.  

Ынтымақтастықтың 23 жылы ішінде институтта халықаралық қатынастар саласындағы 100-ге жуық қазақстандық дипломат пен маман оқудан өткен. Осы жылдың қараша-желтоқсанында ҚР СІМ қызметкерлері институтта қайта оқудан өтеді.

Директор Р. Тон институт, негізінен, еуропалық интеграция, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік, дауларды реттеу, заң үстемдігі, тероризмге қарсы күрес, экономикалық дипломатия және т.б. салалардағы халықаралық зерттеулерге көңіл бөлетінін хабарлады.

ҚР СІМ ақпараты бойынша, ол бірлескен зерттеулер, тағылымдамалар және тәжірибе алмасу үшін, қазақстандық ЖОО-мен ынтымақтастық жасауға мүдделі екенін білдірді. Елші М. Ілиясов Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктері, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саяси бастамалары, сондай-ақ Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелер құрамында жұмыс істеуге дайындығы туралы ақпараттандырды. Алдағы жылы Қазақстан мен Нидерланд арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына арналған бірлескен іс-шаралар өткізу туралы келісушілікке қол жеткізілген.

Сондай-ақ, ведомствода 1983 жылы құрылған «Clingendael» институты Еуропадағы халықаралық қатынастар саласындағы жетекші талдау орталықтарының бірі болып табылатыны атап өтілді. Институт мемлекеттік қызметшілер, ҮЕҰ өкілдері және жеке меншік сектор үшін ақпарат ұсынады, зерттеулер жүргізеді және оқу бағдарламаларын әзірлейді. Оқу күндізгі оқу нысаны бойынша ағылшын және голланд тілдерінде өткізіледі. 


Back to the list