• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті 26.10.2016

Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп, энергетика саласындағы, сауда және экономика, көлік секторындағы және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, алда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес және ТМД Үкімет басшылары кеңесі отырыстарының мәселелері талқыланды.

Еске салсақ, 27-28 қазанда Минск қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес және ТМД Үкімет басшылары кеңесі отырыстары өтеді, оған ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысады.

 


Back to the list