• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ұлан-Баторда Қазақстан – Монғолия бизнес форумы өтуде (ФОТО) 26.10.2016

19 отандық өндіруші кәсіпорын (ұшақтар, трансформаторлар, рентген жабдығы, аккумуляторлық батареялар, арматуралық прокат, минералды тыңайтқыштар, оқшаулау материалдары, құрылыс қоспалары және лак-бояу өнімдері, кондитерлік тағамдар, күріш, ұн, рапс майы және күнжара, дәрілік препараттар, қаптама өнімі, сондай-ақ тазартылған күміс және құйма алтын) Монғолияның көтерме-сатып алу және дистрибьюторлық компанияларымен қазақстандық тауарларды осы елге жеткізу мүмкіндіктері туралы келіссөздер жүргізуде, деп хабарлады ұлттық агенттік.

Сонымен қатар, қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді тіркеу және қазақстандық компаниялардың Монғолияның қазақстандық сатып алуына қатысуы үшін, Монғолияның денсаулық сақтау, азық-түлік және ауыл шаруашылығы, энергетика министрліктерінде кездесулер жоспарланған.

Қазақстан Республикасының Монғолиямен сыртқы сауда айналымы 2015 жылы 54,6 млн АҚШ долларын құрады, соның ішінде Қазақстанның Монғолияға экспортының үлесі 98%-ды құрайды.


Back to the list