26.10.2016
Кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әбу-Даби әмірлігінің Тақ мұрагері шейх Мұхаммед Әл Нахаянмен болған кездесудегі қол жеткізілген уағдаластықтары аясында Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы қалыптасқан достық қатынастардың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Сындарлы сұхбат барысында 2017 жылғы қаңтарда Әбу-Дабиде Үкіметаралық комиссияның 6-шы бірлескен отырысын ұйымдастыру мәселелеріне басты назар аударылды. Сондай-ақ,тараптар екіжақты ынтымақтастықтың шарт-құқықтық базасының қазіргі жағдайын талқылады. Сауда-экономикалық инвестициялық, индустриалды-инновациялық және көлік-логистикалық салалардағы белсенділіктің өсімі атап айтылды.