• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Қытай хореография саласында ынтымақтастықты нығайтуда (ФОТО) 24.10.2016

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Бейжің  Би академиясының президенті Гуо Леймен кездесіп, Қазақстан мен Қытайдың мәдениет саласындағы ынтымақтастығын дамыту мәселесін талқылады.

Бейжің  Би академиясы президенті, көркем ғылымдары факультетінің  деканы Ван Су, Хореография факультетінің доценті Ши Бо  төрағалығымен  келген  қытайлық  делегация сапарды Қазақ ұлттық хореография академиясын аралаудан бастады.

Қонақтар қазіргі заманғы балет залдарымен танысып, оқу корпусы мен баспанасын тамашалап, қазақ хореография сабақтарын көріп, олардың шеберлігін жоғары бағалады.

Жұмыс сапарының маңызды бөлігі Қазақстан мен Қытайдың үздік хореография оқу орындарының келісім шартқа қол қойғаны болды.

Келісімде Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Бейжің  Би академиясы (Қытай) ынтымақтастық туралы  келісті.  Олар білім беру, шығармашылық және ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп жүзеге асыратын болады. 


Back to the list