21.10.2016
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, отырыс барысында екі елдің өкілдері медицина, құрылыс, туризм, тамақ пен ауыр өнеркәсіп және т.б. салалардағы қазақстандық және словениялық компаниялардың сауда-экономикалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен оны дамыту мәселелерін талқылап, екіжақты қарым-қатынастың аясын кеңейту жөнінде пікір алмасты.
Сонымен бірге, тараптар қазақстандық медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру, ауруларды диагностикалау мен емдеу, медициналық туризм, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті және т.б. дамыту мәслелері бойынша ынтымақтастықты жетілдіруге келісті.
Жиын соңында комиссияның тең төрағалары екіжақты тиімді ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыру жөніндегі хаттамаға қол қойды.
Жуырда Елжан Біртанов Словения Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Сандра Тушармен кездесіп, екі елдің денсаулық сақтау саласының ағымдағы және болашақтағы ынтымақтастығы туралы мәселелерді қарастырған болатын.
Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында ол KRKA және Sandoz компаниясының фармацевтикалық зауыттарына барып, дәрілік заттардың өндірісімен танысты. Сонымен қатар, аталған компания басшылықтарымен фармацевтикалық қызмет, оның ішінде осы өндірістердің ҚР аумағында жұмыс істеу мүмкіндігі туралы талқылады.