21.10.2016
Осылайша, кездесу барысында Б. Байбек И. Кавабатты Қазақстанда дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтады.
Өз кезегінде, Жапон елшісі Алматы мен Жапония арасындағы берік екіжақты байланысты атап, Жапонияның экономиканың көптеген секторларында жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін атап өтті. Алматы қаласында 2016 жылдың тамыз айы жағдайына жапондық 13 бірлескен кәсіпор мен 19 компания тіркелген.
Екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға серпін берген жоғары деңгейлі сапарлар болған. 2015 жылы қ азан айында Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэнің Қазақстанда арнайы ресми сапары болды.
Казахстан мен Жапония арасындағы одан ары жан-жақты ынтымақтастық пен достастықты нығайту мақсатында ағымдағы жылдың қараша айында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жауапты сапары жоспарлануда.