21.10.2016
ҚР СІМ атап өткендей, кездесу Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2016 жылғы 22-23 тамызда Польшаға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген келісушіліктерді орындау жөніндегі мәселелерді талқылауға арналған. Польшалық тарап Польшаның ауыл шаруашылығын дамытудағы, фермерлікті жүйелі қолдаудағы және аграрлық өнімді экспорттаудағы сәтті тәжірибесін зерттеу мақсатында, Варшавада қазақстандық сарапшылар үшін консультациялар ұйымдастыруға дайын екенін растады.
К. Юргель польшалық кәсіпкерлердің 2016 жылғы 26-28 қазанда Астанада жоспарланған «KazAgro/Kazfarm 2016», сондай-ақ 2016 жылғы 2-4 қарашада Алматы қаласында жоспарланған «World Food Kazakhstan» ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі көрмелеріне қатысуға мүдделі екені туралы хабарлады.
Тараптар 2016 жылғы 23 тамызда Варшавада қол қойылған ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімнің күшіне енуі бойынша ішкі рәсімдердің орындалу барысы туралы ақпарат алмасты. Бұл құқықтық құжат екі елдің мемлекеттік мекемелері мен іскерлік топтары деңгейінде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа ықпал етуге арналған.
А. Абиболлаевтың пікірі бойынша, осы Келісімнің күшіне енуімен қатар екіжақты ынтымақтастықты жандандыру агроөндірістік сектор субъектілеріне қолдау көрсету бойынша қосымша шаралардың қабылдауын талап етеді.