• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанның тау-кен саласындағы  даму перспективасы  Рио-де-Жанейродағы  XXIV Дүниежүзілік тау-кен конгресінде таныстырылды (ФОТО) 20.10.2016

Іс-шараға 34 елдің 2000 астам өкілдері, оның ішінде үкімет мүшелері, ғылыми қайраткерлер, халықаралық мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлері, тау-кен кәсіпорындарының басшылары, Бразилияда аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері бар, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.

Тау-кеншілер съезінің бағдарламасы халықаралық ұйымдастырушы комитеті отырысының, конгресс пленарлық отырысының, тау-кен саласындағы соңғы жетістіктерді тамашалайтын көрменің, ғылыми-техникалық жұмыстар мен жобалар конкурсының өткізілуін көздейді. Қатысушылар пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, тау-кен және жерасты жұмыстарын жүргізу, автоматтандыру және роботты техниканы пайдалану, тау-кен өнеркәсібі саласындағы инновациялар секілді маңызды мәселелерді талқылайтын болады.

Конгрестің бірінші күнінде ҚР ИДМ-нің Жауапты хатшысы пленарлық отырыс барысында қазақстандық тау-кен өнеркәсібінің негізгі бағыттары мен оның даму болашағы туралы хабарлап, халықаралық ұйымдастырушы комитетінің мүшелерін XXV Дүниежүзілік тау-кен конгресін дайындау бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады.

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ көрме барысында тау-кен-металлургиялық кешеніне, еліміздің инвестициялық саясатына, экспорттық әлеуетіне, сондай-ақ  «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған ұлттық стендты ұсынды.

21 қазанда конгрестің қорытындылары бойынша қазақстандық тарапқа 2018 жылғы 19-22 маусымда Астанада өтетін келесі конгресті өткізу құқығына иелендіретін «май шамын» тапсыру рәсімі жоспарланып отыр.


Back to the list