• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Мажарстан денсаулық саласында тәжірибе алмасады (ФОТО) 17.10.2016

Денсаулық сақтау экономикасы саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум фармацевтика, сауда және медициналық техниканы пайдалану, медициналық туризм мен ақпараттық технологияларды дамыту саласындағы ынтымақтастықты көздейді, деп хабарлады ведомство.

Тараптар денсаулық сақтау экономикасы саласында тәжірибе және білім алмасу, сарапшылардың өзара оқу сапарларын, семинарларды, симпозиумдарды және басқа іс-шараларды өткізу туралы келісті.

«Халықты жұмыспен қамту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум еңбек нарығын дамытуға, жұмыссыз азаматтар, сондай-ақ халықтың әлеуметтік-осал топтарына жататын тұлғалар санына адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі белсенді саясаттарды жетілдіруге, еңбек нарығын мониторингілеу жүйесін және бағалау жүйесін құруға, жұмыспен қамту құралдары мен саясатын әзірлеуге бағытталған», - делінген хабарламада.

Меморандум шеңберінде екі жақтың сарапшыларына консультациялар жүргізіледі, мамандардың білктілігін арттыру мақсатында оқу сапарлары ұйымдастырылады.

Сурет Азамат Әлиев


Back to the list