• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қ.Бішімбаев: Қазақстан Мажарстанмен бірлескен ауыл шаруашылығы жобаларын іске асыруға қызығушылық танытады (ФОТО) 17.10.2016

«Қазақстан ауыл шаруашылығы бағытын біздің экономикамызды әртараптандыруға, оны шикізат ресурстарына, мұнайға азырақ тәуелді етуге қабілетті болашағы бар және әлеуетті бағыт ретінде бөліп көрсетеді. Бірлескен қорға қол қойылды, енді осы ауыл шаруашылығы қорын жаңа жобалар жұмысымен толтыру қажет. Бұл үлкен оптимизм туғызады. Бүгін біз министрмен кездесу барысында қазір ауыл шаруашылығы саласында да және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу саласында да қор іске асыруы мүмкін жобалардың немесе пайплайн жобалардың практикалық жиынтығын дайындау қажет екенін талқыладық. Қордың болуы жағдайлар жасайды, бірақ басқарушы компания, бұл жерде ADM Capital, қордың инвестициялық бағыттарын іске асырудың практикалық жағын пысықтау үшін күш салуы тиіс», – деді ҚР ұлттық экономика министрі.

Қорытындылай келе, Қ. Бішімбаев мажарстан тарапына Қазақстанға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануы кезінде қолдау көрсеткені үшін және Мажарстанның ЭКСПО-2017 көрмесіне алдағы қатысуы үшін алғыс білдірді.


Back to the list