17.10.2016
«Таңертең біз Елбасымен кездесу өткіздік. Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз әріптесімді қабылдап, екіжақты қарым-қатынас, даму әлеуеті мен өңірдегі діни жағдайдың дамуына байланысты пікірді тыңдады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстанды тарихи достық және тығыз ынтымақтастық байланыстырып отырғанын атап өтті», - деді Е.Ыдырысов.
Ыдырысовтың айтуынша, кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстанға сапармен бару мәселесі қозғалды.
«Қазақстан Президентінің Қырғызстанға сапарлап баруына уақыт қарастырамыз. Елбасы айтып өткғендей, сапарды сапалы мағынаға толтыру маңызды болып саналады», - деді ол.
Қырғызстанның сыртқы істер министрі айтып өткендей, тараптар Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғыз Республикасына бару дайындығы бойынша белсенді жұмыс атқарады.
«Меніңше, сапар жыл соңында немесе келесі жылдың бірінші тоқсанында жүзеге асады деп ойлаймын. Жоғарғы мемлекетаралық кеңестің отырысында өте маңызды мәселелер талқыланады. Бұл – келісімдер мен шекара режиміне қатысты мәселелер және бірнеше жыл алға жоспарланатын кешендік бағдарламаны дайындау болып табылады. Нұрсұлтан Әбішұлы бағдарламаны қолдады, бағдарлама екі елдің барлық саласында ынтымақтасуға бағытталған», - деді Э.Абдылдаев.