17.10.2016
Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болу мерзімі туралы келісімге өзгертулер енгізу туралы хаттамаға қол қойды. 2017-2018 жылдарға арналған реадмиссия туралы келісім мен ҚР СІМ арасындағы ынтымақтастыққа қол қойылды.
«Біз азаматтардың екі елде тіркеусіз тұруын реттейтін құжатқа қол қойдық. Бұл Қазақстан мен Қырғызстан тіркеусіз екі елде уақытша болу мерзімін 30 күнге дейін ұзарту құжаты. Бұл елдер ішіндегі мемлекеттік ратификациялауды қажет етеді. Біз бұл құжат парламентте кідіріп қалмасына сеніп отырмыз», - деді Э.Абдылдаев.
Министрлер айтқандай, шекарада өткізу жағдайын дамыту мәселесін талқылады.
«Бұл жұмыс басталып кетті. Ол сәйкесінше нәтиже береді. Біз жұмысты тоқтатпай барлық шекара бойынша жұмысты жалғастырамыз. Барлық өткізу пункттерінде жайлы жағдай жасау қажет», - деді Қырғызстан СІМ басшысы.
«Бізде бірқатар шешілмеген мәселе болса да, мақсатты жұмыс істеудің әлеуеті жоғары. Ең бастысы біз күн тәртібінде маңызды мәселелерді шешеміз», - деді Э.Абдылдаев.