• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мажарстанның Қазақстанға экспорты 2016 жылы 130 млн еуроға жетті 17.10.2016

«Қазақстан Мажарстан мен ТМД елдерінің төртінші маңызды әріптесі, Орталық Азия өңіріндегі біздің ең ірі әріптесіміз болып табылады. Осы жылы біздің Қазақстанға экспортымыз - 130 млн еуроға, ал импорт 17,3 млн еуроға жетті», - деп ақпараттандырды Мажарстанның ұлттық экономика министрі.

Осылайша, оның айтуы бойынша, 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында екі ел арасындағы екіжақты айналым өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20%-ға өсіп, 88 млн еуроға жеткен.  

«Біздің банктер қазақстандық нарыққа шыққысы келетіндердің барлығына едәуір мүмкіндіктер береді», - деп атап өтті М. Варга.

Еске сала кетейік, Астанада Қазақстан Республикасы мен Мажарстанның сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын жалғастыру мен нығайтуға бағытталған қазақстан-мажарстан бизнес форумы өтуде. Форум шеңберінде қазақстан және мажарстан кәсіпкерлері арасында дәстүрлі екіжақты кездесулер өткізіледі, онда экономиканың фармацевтика, медициналық жабдық, ауыл шаруашылығы, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, логистика, АКТ және тағы басқа салаларындағы ынтымақтастық болашағын талқылау жоспарланып отыр.

Индира Қауметова


Back to the list