17.10.2016
«Бүгінде Қазақстанда мажарлық капиталдың қатысуымен 50 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде, олардың басым бөлігі құрылыс, сауда және өндірістік салаларда жұмыс істеп жатыр. Елдер арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге жоғары әлеуетке ие», - деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, 2015 жылы жылы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 102 млн долларды құрады, ал 2016 жылдың 8 айында Қазақстан мен Мажарстанның сауда айналымы 80 млн долларды құрады. Екі елдің ынтымақтастығын жүргізу үшін барлық жағдай жасалды. Екі ел арасында стратегиялық кеңес құрылды, үкіметаралық комиссия экономикалық ынтымақтастық саласында жұмыс істеп жатыр.
«Бизнес форум аясында түзілген келісімдер сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін береді деп есептейміз. Біздіңше, энергетика, фармацевтика, машина жасау, коммуникация, ауыл шаруашылығы техникасын жасау, астыө өнеркәсібі саласында ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары», - деді Т.Жақсылықов.
Айта кетейік, бизнес форумның мақсаты Қазақстан мен Мажарстанның іскерлік топтарының сауда-экономикалық ынтымақтастығын жандандыру. Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар шеңберінде фармацевтика, медициналық жабдық, ауыл шаруашылығы, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, логистика, АКТ сияқты секторларды және басқа да салаларды танытатын мажарстан компаниялар өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.
Индира Кауметова
Сурет: Азамат Әлиев