14.10.2016
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, көліктік жүк қатынасы, инвестициялар, туризм және 2017 жылы Қазақстан-Армения бизнес форумын өткізу мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ Б. Сағынтаев пен К. Карапетян ЕАЭО аясында алдағы өзара іс-қимылды қарады.
Еске салсақ, бүгін ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Ереванға барды.