14.10.2016
Қазақстан – Латвия үкіметаралық комиссиясының экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселесіне арналған 6-шы отырысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перпективалы салаларын талқылады, деп хабарлады СІМ.
Комиссия отрысының қорытындысында тараптар келісімін бекітетін Хаттамаға қол қойылды, сондай-ақ, 2017 жылы Үкіметаралық комиссия аясында құрылған көлік жөнінде жұмыс тобының отырысын өткізу талқыланды.
Р. Василенко өз сөзінде Қазақстанда Латвиямен бірлескен 60 кәсіпорны логистика, сауда және консалтинг саласында жұмыс істейтіндігін жеткізді.
У. Аугулись латвиялық тараптың білім беру саласындағы қызығушылығын атап өтті, Латвияның оқу орындарында 300 қазақстандық студент білім алып жатқандығын айтты.