14.10.2016
«Эйр Астананың» нарықтағы үлесі 89% пайызды(1 581 094 адам) құраған. Ал, «СКАТ» компаниясының үлесі 11% (194 626 адам).Қазақстандық әуекомпаниялардан бөлек, қазіргі уақытта халықаралық әуетасымалы нарығында 22 шетелдік тасымалдаушы бар. Олардың қатарында Turkish Airlines, Etihad, Aeroflot, KLM, Lufthansa, China Southern Airlines, Asiana Airlines, Fly Dubai, Өзбек әуежелісі сияқты ірі әлемдік әуекомпаниялар бар. Дегенмен, халықаралық жолаушыларды тасымалдауда қазақстандық тасымалдаушылардың үлесі басым. Орташа есеппен жыл сайын 51% және 49% құрайды. Бұл жерде 51% қазақстандық әуекомпаниялардың үлесінде.
Бүгінгі таңда Қазақстанның аптасына 425 рейс жасайтын 88 халықаралық бағыт бойынша 26 шет мемлекетпен әуе қатынасы бар.
Қазақстанның ТМД елдерімен 50 бағыт бойынша әуе қатынасы жолға қойылған (аптасына 236 рейс). Таяу Шығыс елдерімен 15 бағыт (аптасына 92 рейс), Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен 14 бағыт (аптасына 69 рейс) және ЕО елдерімен 9 бағыт бойынша (аптасына 28рейс) әуе қатынасы бар.