• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматыда ТМД ұйымына мүше мемлекеттердің ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды 13.10.2016

Аталған іс-шарада Қазақстан, Ресей, Беларусия, Украина, Әзірбайжан және Қырғызстанның ғарыш қызметі саласындағы атқарушы билік органдарының, өндірістік және ғылыми ұйымдарының өкілдері қатысты.

«Ғарыш қызметі қазіргі таңда  кез келген мемлекет үшін экономикалық және инновациялық дамуының ең маңызды факторы болып табылады. ТМД ұйымына мүше мемлекеттердің  басшылары үнемі бұны түсінді және жалпы бейбіт мақсатта ғарыш кеңістігін пайдалану және зерттеу саласындағы бірлескен қызметін жалғастыруға талпынғаны анық»,- атап өтті Қазғарыш төрағасы Еркін Шаймағамбетов өзінің алғы сөзінде.

Іс-шара барысында ТМД ұйымына мүше мемлекеттердің ғарыш саласындағы көпжақты ынтымақтастығын дамыту жөнінде мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ТМД-ның ғарыш қызметі саласындағы шарттық-құқықтық базасын дамыту; ГЛОНАСС навигациялық жүйесін бірлесіп қолдану; төтенше жағдайларды мемлекетаралық ғарыштан бақылау жүйесін құрастыру; техникалық реттеу және басқа да бағыттар бойынша бірлескен ғарыш жобалары мен бағдарламаларын пысықтау секілді мәселелері қарастырылды.

Отырыс қорытындылары бойынша жақтар Хаттамаға қол қойды.

Естеріңізге саламыз, ТМД ұйымына мүше мемлекеттердің ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша атқарушы орган өкілдерінің кезекті кездесуі жыл сайын өткізіледі.

Былтырғы жылы аталған іс-шараның ұйымдастырушысы Беларусь Республикасы (Минск қаласы) еді.

ТМД ұйымына мүше мемлекеттердің ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша атқарушы орган өкілдерінің келесі (2017 жылғы) кездесуінің орны ретінде Мәскеу қаласы (Ресей Федерациясы)  белгіленді.   

 


Back to the list