13.10.2016
Инвестициялар және даму министрлігі хабарлағандай, аталған Хаттамаға сәйкес өзара тиімді негізде екі тарап арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалдары толық реттеледі.
Қазақстан мен Қытай арасында автотасымалдарды жүзеге асыру үшін рұқсаттың төрт түрі анықталған:
«А» түрі – жолаушылар мен багаждың тұрақты тасымалдарына арналған, бланк көп мәртелік бір жылға дейін жарамды (қазақстандық тасымалдаушыларына Үрімші қаласына дейін кіруге рұқсат етіледі, қытайлық тасымалдаушылар Алматы облысы мен ШҚО елді мекендеріне дейін кіре алады);
«В» түрі – жолаушылар мен багаждың тұрақсыз тасымалдарына арналған, бір мәрте жүріп өтуге жарамды (тасымалдар тараптардың шекара маңындағы аудандарда жүзеге асырылады);
«С» түрі – жүк тасымалдарына арналған, бір мәрте жүріп өтуге жарамды (тасымалдар тараптардың шекара маңындағы аудандарда жүзеге асырылады);
«D» түрі – жүктердің белгілі маршруттар (қызмет ететін) бойынша тасымалдарына арналған, тура және кері рейісті орындауға құқығы бар. Бұл өз кезегінде отандық тасымалдаушыларға анықталған маршруттар бойынша ҚХР аумағына кіруге мүмкіндік береді.