13.10.2016
Іс-шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің министрлері, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары қатысты. Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Қайрат Төребаев қатысты.
Күн тәртібінде ШЫҰ шеңберіндегі көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары және оның қазыргі жағдайы, сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы негізгі бағдарламалық және жоспарлық құжаттарды жүзеге асыру, ШЫҰ-ның Арнайы жұмыс топтарының, Іскерлік кеңес және ШЫҰ Банкаралық бірлестік қызметінің мәселелері талқыланды.
Кеңес нәтижесі бойынша 2017-2021 жылдарға арналған ШЫҰ шеңберіндегі жобалық қызметті одан әрі дамыту бойынша іс-шаралар тізбесі және Қазақстан Республикасы жетекшілік ететін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сауданы оңтайландыру бойынша жұмыс тобы туралы ереже қабылданды.
Осы іс-шара көпжақты сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға, инвестициялық байланыстарды арттыруға, ШЫҰ шеңберіндегі өндірістік және ғылыми-техникалық кооперацияны кеңейтуге жаңа серпін беретін болады.