• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Сауд Арабиясы  тікелей инвестициялық аграрлық қор құрады 12.10.2016

Ресми жұмыс сапары барысында алғашқы кездесу Сауд Арабиясы Қоршаған орта, су және ауыл шаруашылығы министрі Әбдельрахман әл-Фадлимен өтті.

Кездесу барысында А. Мырзахметов Қазақстан барлық салаларда Сауд Арабиясымен тұрақты түрде ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге ниетті екенін білдірді.

ҚР Вице-Премьері және Сауд Арабия министрі әрі-қарай азық-түлік қауіпсіздігі және біріккен тікелей инвестициялық аргарлық қордың құрылуын талқылады.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация Сауд Арабиясы ауыл шаруашылығы компаниялары өкілдерімен, Инвестиция және сауда министрі Маджид Әл Кәсәби және Қоғамдық инвестициялық қорының басшыларымен кездесті.

Айта кетейік, соңғы 5 жылда Қазақстан Сауд Арабиясына 68 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін экспорттады.


Back to the list