11.10.2016
Қазақстандық делегацияны сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко басқарды, француз делегациясын – Францияның халықаралық дамыту – континентальды Еуропа жөніндегі сыртқы істер министрі Флоранс Манжен басқарды.
Тараптар екіжақты саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен Францияның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуын талқылады.
Министрлікте хабарлағандай, консультациялар экономикалық, инновациялық-технологиялық және мәдени-гуманитарлық байланысты стратегиялық дамыту арқылы жүзеге асыруды талқылады.
Франция Еуропа одағындағы Қазақстанның жетекші серіктесі мен үздік сауда – экономикалық әріптесі болып табылады. Соңғы жылдары орташа сауда айналымы 6 млрд долларды құрады. 2005 жылдан бастап Қазақстан экономикасына 12 млрд доллар француздық капитал құйылды.
Келесі жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толады.
Соңғы жылдардың маңызды оқиғалары 2014 жылдың желтоқсанында Қазақстанға Франсуа Олландтың келуі және 2015 жылдың қарашасында Н.Назарбаевтың Францияға жасаған ресми сапары.