11.10.2016
Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, барлық өңірлерден келген 34 азиялық елдің көшбасшылары жаһандық өсім саласында өзара байланысты дамыту перспективаларын талқылады.
Қатысушылар Азиядағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендерін білдірді. Басымдылықты алты ұстанымға беру қарастырылған: 1) өндірістік, су және қауіпсіздіктің өзара байланысы; 2) өзара байланыс 3) ғылым, технлогия және инновациялар; 4) білім беру мен адам ресурстарын дамыту; 5) мәдениет және туризм; 6) инклюзивтік және тұрақты дамытуды жүзеге асыру.
Өз сөзінде Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі елшісі Марат Есенбаев Қазақстанның 25 жылдағы жетістіктерін айтып, Қазақстанның болашаққа қойған мақсаттары мен даму болжамдары туралы айтып өтті.
АЫД мүше елдері өндірістік, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.
Саммитке қатысушыларға АЫД аясында көліктік байланысты дамыту бойынша жаңа тұжырымдама таныстырылды.