• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2017 жылы Қазақстан мен Жапонияның ынтымақтастығына  25 жыл толады 10.10.2016

«Мен үшін Қазақстан Тәуелсіздігінің  25 жылдығында қызметімді бастау үлкен мәртебе. Жапония Қазақстанмен ынтымақтастықты Тәуелсіздік алған соң орнатты. 2017 жылдың 29 қаңтарында Қазақстан мен Жапонияның  ынтымақтастығына  25 жыл толады. Осы уақыт аралығында  екі жақтың қарым-қатынасы  саясат, экономика және халықаралық ынтымақтастықта әлдеқайда ілгеріледі», - деді Елші.

Дипломат Қазақстанның барлық қалаларын аралауға ниетті екенін жеткізді.

«Қазақстан мен Жапонияның  достастығы үлкен мағынаға ие. Қазақстанға  премьер-министр  Сидзо Абэнің алғашқы сапары танымал оқиғаға айналды. Менің қарашада Токиоға жасайтын сапарым біздің өзара түсінушілігімізді жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін», - деді Қазақстан Президенті.

Жапонияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабата Н.Назарбаевқа достық қарым-қатынас үшін алғыс білдіріп, болашақта  мемлекетаралық байланыстың нығаюына бар күшін салатынын жеткізді.

Ботагөз Айтжанова

 

 


Back to the list