10.10.2016
«Сіздерді шын жүректен ҚР-дағы дипломатиялық миссияның басталуымен құттықтаймын. Сіздердің жұмыстарыңыздың нәтижесінде біздің елдер арасында өзара ынтымақтастық жалғасады. Құрметті елшілер, еңбектеріңіз ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығында аса маңызды болып отыр», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы Ватиканмен қарым-қатынас туралы айта отырып, Ватиканның құрметті өкілдігінің Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің съезі жұмысына белсенді қатысатындығын атап өтті. Елбасы сондай-ақ, Қазақстан үшін 2001 жылы Астанаға Рим Папасы II Павелдің келуі ерекше оқиға болғандығын атап өтті.
Мұсылмандық әлемде Катармен ынтымақтастық аса маңызға ие екенін Н.Назарбаев атай отырып, Қазақстан-Түрікменстан – Иран темір жолын экономикалық достастық аясында қолдануды ұсынды.
Айта кетейік, Елбасына сенім грамоталарын мына елдер табыстады: Австрияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Герхард Сайллер, Ватиканның ҚР-дағы Фрэнсис Ассизи Чулликат (Ватикан), Германия Федеративтік Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рольф Мафаэль, ҚР-дағы Грекия Республикасының Төтенше және Өкілеті елшісі Александрос Катранис.Сенім грамоталарын сондай-ақ, Нидерланд Корольдігінің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дирк Ян Коп, Швейцарияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Урс Шмид, Жапонияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабата, Катардың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ахмад бен Али Абдуррахман Аль-Джамиль Аль-Тамими табыстады.