10.10.2016
Елбасына сенім грамоталарын мына елдер табыстады: Австрияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Герхард Сайллер, Ватиканның ҚР-дағы Фрэнсис Ассизи Чулликат (Ватикан), Германия Федеративтік Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рольф Мафаэль, ҚР-дағы Грекия Республикасының Төтенше және Өкілеті елшісі Александрос Катранис.
Сенім грамоталарын сондай-ақ, Нидерланд Корольдігінің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дирк Ян Коп, Швейцарияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Урс Шмид, Жапонияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабата, Катардың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ахмад бен Али Абдуррахман Аль-Джамиль Аль-Тамими табыстады.
Өз кезегінде Елбасы Қазақстанда сайланған елшілерді құттықтады.
«Мен баршаңызды шын жүректен Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиялардың басталуымен құттықтаймын», - деді Н.Назарбаев.
Ботагөз Айтжанова
Сурет:Бауыржан Жуасбаев