07.10.2016
Іс-шара барысында М. Нұртілеуов қатысушыларды Тәуелсіздіктің 25 жылы ішіндегі Қазақстанның жетістіктері туралы толық ақпараттандырды.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ауқымды әлеуметтік және институционалдық реформаларды жүзеге асыруға, ұлттық экономиканы әртараптандыруға, индустриялық және инфрақұрылымдық қуаттылықтарды жаңғыртуға, сондай-ақ шетелдік бизнестің жұмысы және инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға бағытталған бастамаларына ерекше көңіл бөлінді, деп хабарлайды ҚР СІМ.
Фин кәсіпкерлерінің пікірі бойынша, «100 нақты қадам» ұлт жоспарының, үдемелі индустрияландырудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының сәтті іске қосылуы және «жасыл экономикаға» біртіндеп көшу Қазақстанның ұзақ мерзімді және тұрақты дамуы үшін жақсы негіз болады.
Оңтүстік Саво өкілдерінің қызығушылық білдіруі мен талқылаулары тараптардың әлеуетін арттыратын және сауда-экономикалық, инвестициялық және технологиялық өзара іс-қимыл тұрғысында бизнес пен мемлекет алдында ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашатын Қазақстанның бастамалары мен континент аралық ірі жобаларға әкелді. Айқын басымдықтар арасында «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасының «Жібек жолы экономикалық белдеуі» қытай бастамасымен түйіндесуі, ЕАЭО құру арқылы нарықтардың кеңеюі және ҚР-ның ДСҰ-ға мүшелік етуі, сондай-ақ ЕО-мен кеңейтілген әріптестік туралы келісімге қол қою көрінеді.