10.10.2016
Алматы әкімдігінде хабарлағандай, «Қазақстандағы Германия экономикасының күні» дәстүрлі және таныстырылым шарасына айналды. Ол германдық кәсіпорындарға өзара ынтымақтастықты жүзеге асыруға пайдалы ақпарат беріп, бейімделуге мүмкіндік береді.
Делегация құрамында өңірдің әр саласының өкілдері бар, олар Қазақстанның экономикалық орталығының инвестициялық әлеуетімен танысуға келген.
«Германия Қазақстанның ЕО құрамындағы үздік серіктестерінің бірі. Сауда-экономикалық қарым-қатынас экономикалық өзара байланыс мүмкіндігін нығайтуға бағытталған», - деді Б.Байбек.
Сол күні қазақстандық компания және Германия автомобиль концерні арасында 200 жолаушылар автобусын Алматыға жеткізу бойынша келісім орнатылды.