07.10.2016
Осы іс-шараның мақсаты Қазақстан мен Мажарстанның іскерлік топтарының сауда-экономикалық ынтымақтастығын жандандыру, сондай-ақ мажарстан тарапына Қазақстанның 2015-2019 жылдарға арналған индустрияландыру бағдарламасын, инвесторлар үшін ынталандыру қоржынын, экономиканың басым салаларын таныстыру және В2В форматында кездесулер өткізу болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар шеңберінде фармацевтика, медициналық жабдық, ауыл шаруашылығы, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, логистика, АКТ сияқты секторларды және басқа да салаларды танытатын мажарстан компаниялар өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.
2005 жылдан бастап 2016 жылғы 1-тоқсан аралығындағы кезеңде Қазақстан экономикасына мажарстан тікелей инвестициялар көлемі 102,2 млн. АҚШ долларын құрағанын атап өту қажет. 2008-2015 жылдар кезеңінде қазақстан мен Мажарстан арасындағы тауар айналымы – 1777,4 млн. АҚШ долларын, бұл ретте экспорт – 721,1 млн. долларды, импорт 1056,3 млн. долларды құраған.
Іс-шараны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ.
Ботагөз Айтжанова