• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Индонезия СҚО-мен ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтасуға қызығушылық танытып отыр 06.10.2016

Қонақтарды қарсы алған облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов өңiр жөнiнде, экономиканың түрлi саласының дамуы мен инвестиция тарту мүмкiндiктерi туралы ақпаратпен бөлiстi. Сондай-ақ өңiр басшысы облыста инвестиция саласына жасалып жатқан үздiк жағдайлармен бөлiстi.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Инвесторларға қолдау көрсету жөнiнде бастамалар көтерiп, әрқашан назарда ұстап келедi. Бiздiң өңiрде ресейлiк, қытайлық, және фин инвесторлары белсендi жұмыс артқаруда. Бұл компаниялар бiздiң мүмкiндiктерiмiзбен толық танысып, ынтымақтастықтың артықшылықтарын сезiндi. Бiз инвесторларды салықтан 5 жылдан 10 жылға дейiн босатамыз. Бұдан бөлек, мемлекет нысанды пайдалануға бергеннен соң жұмсалған қаражаттың бөлiгiн қайтарады. Сондай-ақ, автокөлiк жолдарынан басқа барлық инженерлiк байланыс жұмыстар мемлекет тарапынан жүргiзiледi», — деп атап өттi Ерiк Сұлтанов.

Өз кезегiнде Индонезияның Қазақстан Республикасындағы елшiсi Фостер Гултом облыс басшысына алғысын бiлдiрiп, өңiрмен ынтымақтастыққа қызығушылығын бiлдiрдi.

«Мен Индонезия бинесмендерiне Сiздердiң өңiрлерiңiз жайлы ақпарат бердiм. Олардың кейбiрi қызығушылық танытып отыр. Бiз үшiн ең маңыздысы — ауыл шаруашылығы саласы. Индонезияның 253 миллион тұрғыны бар, халық саны бойынша әлемде төртiншi орындамыз. Соған сәйкес, астық пен ұнға деген сұраныс өте жоғары. Бiздiң елдiң тропикалық ауа-райы астық өсiруге мүмкiндiк бермейдi. Жыл сайын бiз 5 миллион тоннадан астам астық импорттаймыз», — дедi Фостер Гултом.

Жиын барысында екi жақ дайын өнiмдi Индонезияға тасымалдау мүмкiндiктерi мен ынтымақтастықты дамытудың өзге де жолдарын талқылады. Кездесу соңында тараптар естелiк сыйлықтарымен алмасты.

 


Back to the list