06.10.2016
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде осы құжаттың қаржы-биржа саласындағы Қазақстан-Польша ынтымақтастығының толық кешенін реттеу мен дамытуға бағытталғаны хабарланды. Сондай-ақ, меморандум тараптардың шағын және орта бизнесті дамыту үшін инфрақұрылым жасау, квазимемлекеттік компаниялардың жеке капиталды тартуы саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ АХҚО-да тауарлық нарық құру мүмкіндіктерін зерттеу бойынша ынтымақтастығын да көздейді.
М. Залеска АХҚО әлеуетін жоғары бағалады, экономикалық әріптестіктің басым бағыттарын іске асыру үшін ресурстарды біріктіру мақсатында польшалық тараптың Қазақстанның қаржы және биржа орталықтарымен ауқымды ынтымақтастық жасауға ерекше қызығушылық білдіретінін атап өтті.
Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосында атап өтілгендей, кездесу қорытындылары бойынша АХҚО басшылығының Польшаға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігі туралы келісушілікке қол жеткізілді.
Варшава биржасы 1991 жылғы 16 сәуірден бастап жұмыс істеп келе жатқанын атап өтейік. Биржада – 482 компания (соның ішінде 53 шетелдік компания), «new connect» нарығында 409 компания баға белгілейтінін айта кетейік.