• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Швейцарияның бизнес-делегациясы экономика министрінің басшылығымен қазанда Қазақстанға сапарлап  келеді – ҚР СІМ 06.10.2016

Ж. Айтжанова Үкіметтің шетелдік инвесторлармен жұмысты жақсарту, іскерлік климатты жетілдіру және Қазақстанда бизнесті жүргізу шарттарын оңайлату жөніндегі шаралары туралы ақпараттандырды. Сондай-ақ, елші екі елдің сауда-экономикалық өзара іс-қимылының қазіргі әлеуетін әсіресе Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және біздің еліміздің Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелік етуі тұрғысынан барынша пайдалануға шақырды.

Өз кезегінде, П. Модэ қазанда бизнес-делегацияның басшылығымен Қазақстанға сапары екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға жаңа серпін беретінін атап өтті.
Сапар барысында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастыру және «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы мен Швейцария – Ресей/ТМД сауда палатасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою жоспарлануда.

Тараптар кездесу қорытындылары бойынша нәтижелі ынтымақтастықты жалғастыруға және бірлескен бизнес жобаларды практикалық іске асыруға баса назар аударуға келісті.


Back to the list