05.10.2016
Кездесу барысында жапондық саясаткер Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету бойынша тараптардың күш салуына жоғары баға берді, оны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапонияның премьер-министрі Синьдзо Абэнің арасында өткен алты кездесу, сондай-ақ 2015 жылғы қазанда жапондық премьер-министрдің Қазақстанға сапары растайды.
Ч. Датэ атап өткендей, қазіргі шарттық-құқықтық база да ынтымақтастықтың барлық қырлары бойынша қазақстандық-жапондық өзара іс-қимылды алға қарай дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Жапондық Парламенттің жоғарғы палатасының басшысы қазақстандық тарапқа парламентаралық байланысты дамытуға белсенді үлес қосқаны үшін алғыс айтып, екі жақты сапарлар мен кездесулердің жоғары динамикасының сақталатынына сенім білдірді.
Парламентарий 25 жыл бұрын Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының тарихи маңыздылығын атап өтіп, ҚР-ның ядролық қарусыздандыру және таратпау саласындағы күшін жоғары бағалады. Осы мәнмәтінде ол Қазақстанға 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сәттілік тілеп, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бойынша тығыз өзара іс-қимыл жасауға сенім білдірді.
Оның пікірі бойынша, келесі жылы Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбына «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу Қазақстанның өсіп келе жатқан халықаралық рөлінің тағы бір басқа маңызды растамасы болып табылады.