• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанның  Армениямен тауар айналымы жарты жыл ішінде шамамен 2,5 млн.  долларды құрады 05.10.2016

«Армения Республикасының Ұлттық статистикалық қызметінің деректері бойынша, Арменияның Қазақстанмен сыртқы сауда айналымының көлемі 2016 жылғы І жартыжылдық қорытындылары бойынша 2 млн 469 долларды құрады. Соның ішінде Арменияның Қазақстанға экспорты – 2 млн 227 долларды, ал Қазақстаннан импорты 183 мың долларды құрады. Бұл ретте Қазақстаннан армян еңбек мигранттары мен диаспорасынан Арменияға түскен ақша аударымдарының көлемі 2016 жылғы І жартыжылдық қорытындылары бойынша 7,3 млн долларды құрады», - деп айтылады министрліктің хабарламасында.

Сондай-ақ, Қазақстаннан Арменияға экспортталатын негізгі өнім астық өңдеу өнімдері, әр түрлі жабдық, конденсаторлар, панельдер, картонаж өнімдері және басқалары болып табылады. 

«Қазақстанға армян экспортының құрылымын коньяк, ішуге жарамайтындай етілмеген этил спирті, зергерлік бұйымдар, тас кесетін жабдық бөлшектері, каучук, фактис, тас және басқалары құрайды», - деп хабарлайды ҚР СІМ.

ҚР мен АР арасындағы тауар айналымның төмен деңгейі бірқатар объективті факторлармен түсіндіріледі, солардың ішінде негізгілері көлік шығыстарының жоғары үлесі, теміржол қатынасының болмауы, күрделі автомобиль логистикасы, Әзірбайжан мен Түркия тарапынан блокада болып табылады.

Жүк тасымалының негізгі ағымы Әзірбайжанды айналып, Ресей аумағы бойынша өтеді.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list