05.10.2016
Іс-шараға неміс тарапынан Германия экономикасы жөніндегі Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс, Еуропалық одақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің өкілі Михаэль Флюггер, ГФР бұрынғы экономика министрі Михаэль Глос, ГФР ІІМ бұрынғы статс-хатшысы Аугуст Ханнинг, Еуропалық комиссияның Энергетика жөніндегі бағдарламалық директоры Ханс Райн, жетекші неміс саясаткерлері Александр Рар және Матиас Дорнфельдт, сондай-ақ дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерін өндірумен және тасымалдаумен айналысатын жетекші еуропалық компаниялардың елуден астам өкілдері қатысты.
Е. Ыдырысов өз сөзінде отырыс қатысушыларына Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен ЕО-мен ынтымақтастықтың басымдықтары, оның ішінде энергетика салысындағы ынтымақтастық аясында елдің өзекті әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде қолданылатын жаңартылатын энергия көздері саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Еуропалық одақпен сауда-экономикалық және энергетикалық диалогты нығайту қажеттілігін ескере отырып, министр 2015 жылы 21 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жылдам ратификациялаудың маңыздылығын атап өтті. Оның жеке баптары 2016 жылдың 1 мамырдан бастап қолданылып келеді.
М. Флюгер өз сөзінде Қазақстанның осы мақсаттар үшін Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік бағыттарын әртараптандыру бойынша қолданып жатқан шараларын жоғары бағалады. Неміс дипломаты барлық салалардағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға арналған ЕО мен Қазақстан арасында бекітілген екінші буын шартын құптады.
М. Хармс өз кезегінде «жасыл экономиканы» дамытуда неміс және қазақ саясатының ұқсастығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл сала негізгі құралдары Қазақстан экономикасын одан әрі жаңғырту мен неміс-қазақ шикізат және технологиялық әріптестікті тәжірибе жүзінде іске асыруда неміс бизнесінің кең ауқымды қатысуы болып табылатын ынтымақтастық басым бағыттарының бірі болуы тиіс. Германия экономикасы Шығыс комитетінің директоры Орталық Азия үшін жаңартылған ЕО Стратегиясын әзірлеуде Қазақстанның белсенді және сындарлы қатысуын жоғары бағалады.
БЕК-тің құрылу бастауында тұрған ГФР-дің бұрынғы экономика министрі М. Глос ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Германияға 2012 жылы жасаған сапары барысында оның бастамашылығымен құрылған Клубтың Шығыс пен Батыс арасындағы диалогты үйлестірудегі және ЕО мен Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудегі рөлін атап өтті.
Іс-шарада жан-жақты қамтылған баяндамаларымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, неміс және қазақстандық талдау орталықтарының және энергетика саласындағы компаниялардың өкілдері қатысты.
Брюссельдегі БЕК кездесуіне қатысушылардың жалпы айтуынша қазақстандық-еуропалық энергетикалық ынтымақтастықтың болашағы тек қазып алынатын энергия тасымалдаушылар жеткізілімдерімен шектеліп қана қоймай, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамытуда белсенді түрде өзара іс-қимыл жасайтын болады, бұл үшін Қазақстанда барлық қажетті құқықтық базасы құрылған.