• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Брюссельде  «ЕО – Орталық Азия» министрлік конференциясы өтті (ФОТО) 05.10.2016

Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, ал Еуропалық Одақтың делегациясын Словакия Сыртқы істер министрі (қазіргі кезде ЕО-ға төрағалық етуші ел) Мирослав Лайчак басқарды.

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақтың өзара іс-қимыл жасауға жаңа мүмкіндіктер беретін жаңа Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК) уақытша қолдана басталғаннан кейін алғаш рет осы іс-шараның өткені ағымдағы Ынтымақтастық кеңесінің ерекшелігі болып табылды.

Ынтымақтастық кеңесінің қатысушылары сауда мен өзара инвестицияның, энергетика мен көлікті дамытудың, қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу барысында тараптар саяси ынтымақтастық, оның ішінде ішкі реформалар, адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігі мен тиімді басқару, сондай-ақ жаңа қауіптерге қарсы тұру туралы мәселелері бойынша пікір алмасты.

Күн тәртібіндегі ЕО елдеріне баруға ниет білдірген ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету, сондай-ақ Қазақстанға нарықтық экономикасы бар ел мәртебесін беру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Тараптар 2016 жылдың 1 мамырынан бастап КӘЫК-нің жеке тармақтарын уақытша қолданылу жағдайында оны іске асыруды барысын талқылады.

Кездесудің қатысушылары тек сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың мәселелері ғана талқыланатын кездесулер шеңберінде Ынтымақтастық кеңесінің жаңадан құрылған «сауда» конфигурациясының оң мәнін атап өтті. Сонымен қатар, Келісім кеден істері жөніндегі ынтымақтастықтың жаңа кіші комитетін құруды қарастырып отыр.

«Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың әлеуетті әлі толық ашылған жоқ. Құрылып жатқан құрылымдардың негізгі мақсаты осы әлеуетті одан әрі дамыту мен ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру үшін бүкіләлемдік жәрдем ету болуы тиіс», – деп атап өтті Е. Ыдырысов.

Іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдардың, оның ішінде ұлттық экономика, инвестициялар және даму, энергетика, әділет министрліктерінің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Адам құқықтары жөніндегі орталықтың бірқатар өкілдері қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді сындарлы талқылауды жалғастыруға берік ниетін растады және тығыз жұмыс байланыстарын қолдау туралы уағдаласты.

Сол күні Қазақстан Республикасының Сыртқы саясат ведомствосының басшысы «Еуропалық одақ – Орталық Азия» министрлік кездесуге қатысты.

Орталық Азиядағы бес елдің сыртқы істер министрі және Еуропалық одақтың сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі Федерика Могерини 2007 жылы басталған және 2015 жылы жаңартылған Орталық Азия жөніндегі ЕО Стратегиясын іске асыру аясында өңірдегі елдер мен ЕО арасындағы қарым-қатынастардың ахуалын талқылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың, сондай-ақ энергетика, қоршаған орта, су ресурстарын қолдану, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету және есірткі тасымалына қарсы күрес салаларында өзара өңірлік іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Ауғанстан, Иран, Украинадағы жағдайлар және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзара қызығушылық тудыратын басқа да тақырыптар туралы пікір алмасты.

Осы тақырыптардың шеңберінде  ЕО өкілдері есірткі саудасы, терроризм, экстремизм, сондай-ақ Ауғанстанды қалпына келтіру сияқты қауіпсіздіктің ортақ қауіптері мен сын-қатерлеріне қарсы тұруда Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылатынын атады.

Өңіраралық кездесудің қатысушылар Орталық Азия елдерінде адам құқықтары, заң үстемдігі және азаматтық қоғамды одан әрі нығайту мәселелерінде сындарлы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Қоршаған орта мен энергетика мәселелерін талқылау барысында тараптар  су, гидроэнергетика, отын ресурстарын ұтымды, тиімді және орнықты пайдалану, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау салаларында ынтымақтастықтың маңыздылығын атады және озық тәжірибені қолдану барысында әрдем көрсетуге дайын екенін айтты.

Брюссельдегі министрлік кездесуі Орталық Азия мен ЕО елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы тағы бір маңызды қадам болды. Тараптар талқыланған тақырыптар бойынша өзара түсіністікке қол жеткізді және ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша бірлескен күш-жігердің маңыздылығын растады.

Аталған кездесулер шеңберінде Е. Ыдырысов талқылынған мәселелер Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жж. тұрақты емес мүшесі ретінде жұмысының және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу түпмәтініндегі басымдарына толығымен сәйкес келетіндігін ерекше атап өтті.

 

 

 

 

 


Back to the list