04.10.2016
«Біздің елдердің экономикасы өзара бір-бірімен байланысқан. Ресей Қазақстанмен көпжоспарлы сауда және инвестициялық қарым-қатынасқа басымдылықпен қарайды. Біз өндіріс пен энергетика, ауыл шаруашылығындағы ауқымды жобаларды бірге жүзеге асырып жатырмыз. Технологиялық кооперацияны қолданып, ортақ көліктік инфрақұрылымды құрып жатырмыз», - деді Ресей басшысы.
В. Путиннің айтуынша, екіжақты ынтымақтастықты ұлғайту мақсатында РФ субъектілері мен ҚР әкімдіктері үлкен рөл атқарады.
«Ресей мен Қазақстан Еуропа мен Азияның негізгі сауда жолында орналасқан. Бізде бірыңғай кедендік одақ, автомобиль және темір жолдары бойынша тогғысып жатырмыз. Алайда, бұл көлік әлеуеті толық орындалып жатқан жоқ», - деді Президент.
Оның тиімді жүзеге асыру үшін көліктік инфрақұрылымды бірлесіп құру қажет.
Индира Кауметова