04.10.2016
«АвтоВАЗ» ААҚ президенті Николя Мор және «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» холдингінің басшысы Анатолий Балушкин Астана қаласындағы Қазақстан мен Ресейдің халықаралық ынтымақтастығының ХІІІ форумының жұмысына қатысты.
Кездесу барысында әріптестер бірлескен өндірістік жобаларды дамыту жоспарларымен бөлісті. Ағымдағы жылғы қарашада «АЗИЯ АВТО» Өскемен зауытының қуаттылықтарында Lada Largus универсалының шығарылымы реттеледі. Дәл осы автомобиль ЭКСПO-2017 көрмесін өткізу қарсаңында астаналық такси паркін жинақтау үшін оңтайлы модель ретінде қарастырылуда.
«2017 жылы Қазақстан астанасы ТМД елдеріндегі ЭКСПО өткізген бірінші қалаға айналады. Дүниежүзілік көрме қонақтары 2 миллионға жуық адам болады. Біз қазақстандық әріптестерімізбен бірге Астананы қолжетімді экологиялық көлікпен қамтамасыз етуге дайынбыз. Lada Largus Қазақстан мен Ресей нарықтарындағы универсалдар бөлігінде сату көлемі бойынша бірінші орынды алады. Автомобиль Renault Logan және Nissan Almera сияқты сәтті өнімдермен ортақ тұғырнамада салынған және 7 жолаушыға дейін сыятын кең салонымен және көлемді багаж бөлімшесімен белгілі», - деп жауап берді журналистердің сұрақтарына Николя Мор.