04.10.2016
«Біздің мемлекеттер көлік-логистикалық сала үшін кадрлар даярлау саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуде», - деді В. Путин.
Осылай, РФ басшысының айтуы бойынша, 2015 жылы ресейлік бейінді білім беру мекемелерінде 2,5 мыңға жуық қазақстандық студент, соның ішінде 1 мыңнан астамы ресейлік бюджет есебінен білім алды.
В. Путин ірі көлік дәліздерінің құрылысын салу екі елдің де жылдам экономикалық өсуі үшін жағдайларды қамтамасыз ететінін, өңірлерді дамыту үшін де жаңа мүмкіндіктер ашатынын, олардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, өңіраралық кооперацияны жандандыруға және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін бірнеше рет мәлімдеген болатын.
Ресей мен Қазақстан бірқатар халықаралық көліктік жобалар мен дәліздерге сәтті қосылғанын еске сала кетейік. Ол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль бағдарының құрылысы, оның іске қосылуы Қытайдан Еуропаға жүк жеткізу мерзімін 10 күнге дейін қысқартады, біріккен көлік логистикалық компаниясын қалыптастырады, ЕАЭО аумағындағы контейнерлік тасымалдар көлемін ұлғайтады.
Индира Қауметова