04.10.2016
«Қазақстан инвестициялық ахуалды жақсартумен, экономиканы әртараптандырумен белсенді айналысып келеді. Ел экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар түсімі соңғы 15 жыл ішінде 260 млрд. долларды құраған, осының есебінен жақсы өсім байқалды. Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі рейтингінде Қазақстан әлем бойынша 41-орынды алады. Біз ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне шығу үшін «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде экономиканы біртіндеп жаңартуды жалғастырып келеміз», - деп ақпараттандырды Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті Қазақстан «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырып және әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру саясатын жүргізіп келе жатқанын еке салды.
«Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде экономиканың бірнеше секторы басым секторлар ретінде айқындалды. Ол мұнай өңдеу, мұнай-газ агрохимиясы, қара және түсті металлургия, тамақ өнеркәсібі, электротехникалық машина жасау. Осы бағдарламаны іске асырудың 6 жылы ішінде Қазақстан аумағында мыңдаған жаңа кәсіпорындар салынды, миллиондаған жұмыс орындары ашылды», - деді Н. Назарбаев.
Сондай-ақ, 37 мемлекеттің азаматтары үшін визалық тосқауылдар да жойылды.
«Келесі жылдан бастап тізім 56 ел үшін кеңейтіледі. Шағын және орта бизнес үшін мемлекеттік қолдаудың әр түрлі шаралары көзделген», - деп атап өтті ҚР Президенті.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы ресейлік делегацияны Қазақстандағы салық режимімен де таныстырып өтті.
«Бізде ықтиярлы салық режимі, атап айтқанда, не бары 13 салық бар. Дүниежүзілік банк рейтингінде салық салу көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемнің 189 елі арасында 18-орынды алады. Оған қоса, нақты салалық бағыты бар 10 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді», - деп атап өтті Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев елде жүргізіліп жатқан жекешелендіру туралы да айтып өтті.
«Біз қазіргі уақытта ауқымды жекешелендірудің кезекті кезеңіне өттік. Шамамен 10 млрд. долларға жуық жалпы сомасына 800-ге жуық мемлекеттік кәсіпорын бәсекелі ортаға беріледі. Сату әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады», - деп ақпараттандырды ҚР Президенті.
Осыған орай, Мемлекет басшысы ресейлік компанияларды жекешелендіруге белсенді қатысуға шақырды.
Ботагөз Айтжанова