04.10.2016
«Қазақстанда бүгінде 9 млрд. доллар ресейлік капитал жинақталған, ал Ресейге Қазақстаннан 3 млрд. доллар салынған», - деп мәлімдеді Ресей Президенті.
В. Путиннің айтуы бойынша, бірлесіп, 6 мың кәсіпорын құрылған, экономиканың барлық секторларында кооперация тереңдетілуде.
«Өткен жылдың өзінде ғана Қазақстанға ресейлік кәсіпорындардың 150-ге жуық делегациясы сапармен келген болатын. Қазақстан Ресейдің ТМД елдері арасындағы сауда әріптестері ішінде екінші орын алады, бұл алда әлі де ілгері жылжуға болатынын білдіреді», - деп атап өтті В. Путин.
2015 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 15,5 млрд. долларды құрағанын айта кетейік.
Индира Қауметова