• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Ресей Еуропа мен Азия арасында қуатты логистикалық инфрақұрылым құрады – Назарбаев 04.10.2016

«Біз өз аймағымызда шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке  шығатын көліктік дәлізді қалыптастырдық. Қазақстан арқылы Қытайдан Ресейге және  Каспий теңізі мен Қырым арқылы Түркияға   және Еуропаға шығатын жаңа бағыттар  жүк тасымалдауды дәстүрлі теңіз жолдарына қарағанда 2 есеге қысқартады», - деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Ресейден Таяу Шығысқа шығатын бағыттарды атап өтті.

«Ресейге Қазақстан, Түрікменстан, Парсы шығанағы  арқылы көлікті ауыстырмай  темір жол арқылы Таяу Шығысқа апаратын жаңа бағыт ашылды.  Сібір, Оралдан Таяу Шығысқа жүк тасымалдау  төрт тәулікке қысқаратын болды, бұрын мұндай мүмкіндік болмаған еді», - деді ҚР Президенті.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list