04.10.2016
«2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Астананың халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастайды. Бұл орталық бүгінгі ЭКСПО-2017 ғимаратының аумағын алады», - деп хабарлады Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті Астананың халықаралық қаржы орталығында инвесторлар үшін көптеген жеңілдіктер, тіпті корпоративтік жеке табыс салығын, жер және мүлік салықтарын төлеуден босатуға дейін жеңілдіктер көзделетінін атап өтті.
«Құқықтық реттеу ағылшын сот корпусын тарта отырып, ағылшын құқықтарының нормаларына негізделеді. Қаржы орталығында оңайлатылған визалық және еңбек режимі жұмыс істейді. Ресейлік бизнесті қаржы орталығының жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз», - деп түйіндеді Н. Назарбаев.