• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н.Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының ұлғаюына серпін беруге шақырды (ФОТО) 04.10.2016

«Құрметті форумға қатысушылар, біз РФ-мен барлық салада ынтымақтасқандықтан, аталмыш форумды өткізу қажеттігі туралы ойламадық, алайда сұраныс көп болған соң өткізу керектігін түсіндік, белсенді  қатысып жатқан РФ басшысына алғыс айтамыз. Ресей Қазақстан үшін стратегиялық серіктес,  саясат пен сауда-экономикалық қарым-қатынастағы одақтас ел. Біз кеңейтілген салалар бойынша  ынтымақтастықты жүзеге асырып жатырмыз, оған кәсіпкерлер мен аталмыш форум да серпін беріп отыр», - деді Қазақстан Президенті.

Н.Назарбаев  өзара сауданың  көлемі  дағдарысқа дейін  20 млрд долларды құраған болатын,  қазір ол 30 пайызға төмендеді.

«Бірінші жарты жылдық бойынша сауда айналымы  6 млрд долларды құрады. Бұл жағдайларда  тауар айналымын арттыру үшін жаңа серпін бергеніміз жөн. Құн бойынша тауарлар арзандады, тауарлардың физикалық көлемі азайды», -  деді Елбасы.

Сондай-ақ, Президент бүгінде көптеген ресейлік кәсіпкерлер  Қазақстанда бизнес ашып жатқандығын атап өтті.

«Қазір 6 мың бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатыр, екіжақты инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр», -  деді ҚР Президенті.

Индира Кауметова

Сурет: Азамат Әлиев


Back to the list