• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Ресей 3 млрд. доллардың 56 құжатына  қол қояды 04.10.2016

Астанада «Еуразиялық кеңістіктің көлік логистикалық әлеуетін дамыту» тақырыбына Қазақстан мен Ресейдің ХІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтуде. Осы форум аясында екі жақтың іскерлік топтарының қатысуымен қазақстандық-ресейлік бизнес-форум өтуде.

Қазіргі уақытта Қазақстанда экономиканың мұнай және газ өндіру, өңдеу өнеркәсібі, көлік, байланыс, машина жасау, ғарыш саласындағы ынтымақтастық сияқты салаларында, атом энергиясын бейбіт жолмен пайдалануда ресейлік қатысумен 6 мың 453 компания сәтті жұмыс істеп келеді.  

Баспасөз қызметінің деректері бойынша, қазақстандық-ресейлік форум  аясында шамамен 3 млрд. АҚШ долларына жуық жалпы сомасына 56 екі жақты құжатқа қол қою күтілуде. Соның ішінде:

-  ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Жамбыл облысының әкімдігі және «Еврохим» МХК компаниясы арасындағы Жамбыл облысында Қаратау фосфор бассейні кен орындарын қазу және минералды тыңайтқыштар шығару зауытының құрылысы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

- Ақмола облысының әкімдігі мен «Еуропалық мойынтірек корпорациясы» ААҚ арасындағы Ақмола облысында индустриялық мойынтіректер өндіру туралы меморандум; «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «COALCO Development» компаниясы арасындағы Мәскеу облысындағы «Орталық құрылық порты» ЖШҚ бірлескен кәсіпорнына % қатысу үлестерін алу туралы келісім; 

- Еуразиялық даму банкі мен «Орыс мыс компаниясы» ЖАҚ арасындағы Қазақстандағы Құндызы кен орнында мыс және мыс-мырыш кенін өндіру бойынша ашық кеніш құрылысы, сондай-ақ сыртқы және ішкі инфрақұрылым құрылысын салу ниеті туралы келісім; 

- «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС мен «БИОКАД» ЖАҚ арасындағы дәрілік заттар өндірісінің толық кезеңінің технологиялық трансферті туралы келісім; 

- «KAZNEX INVEST» АҚ мен «Лукойл лубрикантс» арасындағы Алматы облысындағы майлау материалдары өндірісіндегі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

- «KAZNEX INVEST» АҚ, «Тараз химиялық паркі» АЭА және «ТехноНИКОЛЬ» компаниясы арасындағы «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында тас мақтадан минералды-мақта оқшаулауыш өндіру зауытының құрылысы жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

- «СемАЗ» ЖШС мен «ГАЗ тобының орыс автобустары» ЖШҚ арасындағы ҚР-да автобус техникасын құрастыру өндірістерін дамыту, дизельдік қозғалтқышы және газ отынындағы қозғалтқышы бар ЛИАЗ 5292 үлкен қалалық класты автобустарды өнеркәсіптік құрастыру туралы меморандум;

- Еуразиялық даму банкі мен «ИНТЕРСКОЛ» АҚ арасындағы Ресейде, Қазақстан Республикасында және Беларусь Республикасында электр құралдары өндірісін дамытуды қаржыландыру ниеті туралы меморандум.

- «ИТП» автономды кластерлік қор, Астана қаласының әкімдігі және «Сколково» технопаркі арасындағы «Smart Astana» жобасын ұтымды ету, Астана қаласының аумағында зияткерлік логистика мен жаңа энергетиканы дамыту, сондай-ақ жалпы инновациялық инфрақұрылым жасау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;

- «ИТП» АКҚ және «Новосибирск Академқалашығы технопаркі» ААҚ арасындағы технологиялық тұғырнамаларды дамыту туралы меморандум;

- «ITS compani» ЖШС және «Поликомплекс» ЖШҚ арасындағы азық ақуызын, карбон қышқылдарын, сорбитол биологиялық белсенді компоненттерін ала отырып, астықты терең өңдеу зауытының құрылысын салу ниеті туралы келісім.  

Ресей Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып табылатынын атап өту қажет. Елдер арасындағы тауар айналымы 2015 жыл қорытындылары бойынша – 14,57 млрд. АҚШ долларын, соның ішінде экспорт - 4, 34 млрд. АҚШ долларын, импорт 10,23 млрд. АҚШ долларын құраған. 


Back to the list